العربية Azərbaycan Български 中文 Čeština English Français ქართული Deutsch Magyar हिन्दी Bahasa Indonesia ایرانی Italiano 日本語 한국어 Lietuvių Bahasa Malay اردو Polski Português Română Русский Srpski Slovenský Español ไทย Türkçe Nederlands Українська Vietnamese বাংলা Ўзбекча O'zbekcha Қазақша

Кабинет клиента ИнстаФорекс

  • Персональные настройки кабинета
  • Доступ ко всем сервисам компании
  • Подробная статистика и отчетность по сделкам
  • Полный спектр финансовых операций
  • Система управления несколькими счетами
  • Максимальная степень защиты данных

Кабинет партнера ИнстаФорекс

  • Подробная информация о клиентах и комиссиях
  • Графическая статистика счетов и кликов
  • Необходимые инструменты для вебмастера
  • Готовые веб-решения и широкий выбор баннеров
  • Высокая безопасность данных
  • Новости компании, RSS-ленты и Форекс-информеры
Открыть торговый счет
Партнерская программа
cabinet icon

Ещё один Lamborghini от ИнстаФорекс!И за его рулем можешь оказаться именно Ты!

Просто пополни торговый счет на сумму от 1000 долларов!

Получай лучшие торговые условия и роскошные бонусные предложения! Мы уже вручили 6 легендарных спорткаров! И это далеко не предел! Следующий Lamborghini Huracan последнего поколения может стать твоим!

ИнстаФорекс – инвестируй в свои победы!

Быстрое открытие счета

Получить обучающее письмо
toolbar icon

Торговая платформа

Для мобильных устройств

Для торговли в браузере

Бонусы ИнстаФорекс

Бонусы ИнстаФорекс
Пополнить счет
Снять средства
pay icon

Біздің жұмысымыздың басым бағыты – әрбір клиентке шот ашудан бастап, қаражатты алуға дейінгі жұмыстың барлық кезеңдеріндеқызметтердің толық жиынтығын ұсыну .

ИнстаФорекс АК сауда шарттарын әлемдегі ең үздігінің бірі деп атауға болады. Трейдерлерге саны үш жүзден асатын қаржы аспаптарының үлкен таңдауын пайдалануға мүмкіндік берілген. Брокер клиенттерінің иелігіне озық ақпараттық технологиялар мен MetaQuotes Software, Reuters, Dow Jones, e-Signal сияқты белгілі шетелдік компаниялардың бағдарламалық өнімдері берілген. Айтпақшы, біз өзінің клиенттеріне MetaTrader5 сауда алаңында шот ашуға мүмкіндік берген отандық және шетелдік брокерлердің ішіндегі алғашқысы болдық.

Трейдерлердің 1:1 бастап 1:1000 дейінгі кредиттік көтермені таңдау, своптармен және оларсыз шоттарды, спредтермен немесе комиссиямен саудалау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, ИнстаФорекс клиенттеріне бір басумен садалау қол жетімді, арнайы ұсыныстар және бонустар.

Біз қол жетімді қаржы аспаптарының тізімін үнемі жаңартып отырамыз. Мысалы, біздің клиенттеріміз әлемде бірінші болып танымал электрондық биткоин валютасымен жұмыс жасау мүмкіндігін алды және компания IPO шыққаннан кейін алғашқылардың бірі болып CFD Facebook және Twitter саудалауды бастады.

ИнстаФорекс тобындағы әр компанияның жұмысының негізгі буыны клиенттер болып табылады, дәлірек айтсақ, оларға қамқор болу. Біз нағыз сапалы қызмет көрсету мен тиімді Форекс-сервистерді ұсынамыз және қолданыстағы технологияларды жетілдіру үшін үздіксіз жұмыс істейміз. Бұл бізге көшбасшы позициясын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Біз дайындығы түрлі деңгейдегі трейдерлермен жұмыс істейміз. Валюта нарығымен жаңа таныса бастағандар үшін немесе Форекстегі жұмысқа уақытының көп бөлігін арнауға мүмкіндігі болмайтындар үшін, ИнстаФорекс ұдайы қатысуды және бақылауды қажет етпейтін сервистерді әзірлеп қойды. Оларға ПАММ-жүйені жатқызуға болады, соның көмегімен біздің клиенттеріміз өз қаражаттарын ең табысты басқарушылар трейдерлерге инвестициялай алады. Тәжірибелі трейдерлердің мәмілелерін көшіруге мүмкіндік беретін ForexCopy сервисі де сонымен бірдей позицияларда орналасқан. Басқаша айтқанда, сіз үлкен күш-жігерді жұмсамай Форексте табыс табасыз және сонымен бір мезетте тиімді сауда жүргізудің дағдыларына ие боласыз.

Сервистерді дамытумен қатар, ИнстаФорекс белсенді әлеуметтік өмірді ұстанады, сондай-ақ жеңіске деген жігер мен үздік болуға деген талпыныстары біздің саясатымызға толығымен сәйкес келетін мықты командалармен және атақты спортшылармен ынтымақтастықта.

Өз кезінде, баскетболдан үш дүркін Еуропа чемпионы Илона Корстин, әлемнің экс-бірінші ракеткасы Виктория Азаренко, шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсен ИнстаФорекс брендінің ресми бет-бейнесі болды. Біздің серіктестеріміз әйгілі «Ливерпуль» футбол клубы және Loprais Team жарыс командасы. Сондай-ақ, біз қысқы спорт түрлерінен аты аңызға айналған – 8 дүркін олимпиада чемпионы, 19 дүркін әлем чемпионы және биатлон бойынша әлем Кубогының 6 дүркін иегері – норвегиялық Уле-Эйнар Бьёрндаленменқызметтеспіз.

Біздің ресми өкілдеріміздегі сияқты, бірталай марапаттарымыз бен атақтарымыз бар. Бірнеше жыл қатарынан біз World Finance Awards атынан «Азияның үздік Форекс-брокері»болдық, сондай-ақ CNBC Business Magazine және EUROPEAN CEO сияқты беделді басылымдардың ең беделді сыйлықтарымен марапатталдық («Үздік ритейл-брокер» сыйлығы). Сонымен қатар, біздің жұмысымыз ShowFx World, ShowFx Asia, CIOT EXPO және Jordan EXPO шетелдік қаржы көрмелерінде бірнеше мәрте атап өтілді. Марапаттарымыз бен сыйлықтарымыздың толық тізімін сіз «Марапаттар» тарауынан таба аласыз.

Біз өз жетістіктерімізді ғана емес, клиенттеріміздің табыстары туралы да қуана айтамыз. Біздің ұтыс ойындарымызға қатыса отырып, олар әр түрлі сыйлықтар, оның ішінде Hummer H3, Lotus Elise, Lotus Evora дейін Porsche Cayenne автомобилін де ала алады. ИнстаФорекстің жыл сайынғы жүлде қоры 500 000 АҚШ долларынан асады. Біздің әрдайым тартымды жүлделеріміз бар, ал біздің клиенттеріміздің – жеңімпаз болу мүмкіндігі бар!

Әр клиент біз үшін өте маңызды. ИнстаФорекс Форекс-брокерлерінің ішінде ең үздігі болып саналады және біздің клиенттеріміз бен серіктестеріміз ИнстаФорекс тобындағы кез-келген компания көрсететін барлық қызметтердің әлемдік ең жоғары стандарттарға сай келетініне сенімді бола алады. Біздің мақсатымыз – валюта нарығындағы трейдингті барынша қолайлы және тиімді ету.

Біздің мамандарымыздың кеңесін ал және өзіңіз үшін ең қолайлы сауда шарттарын қалай таңдау керегін біл.

ИнстаФорекс сандармен
ИнстаФорекс сандармен

ИнстаФорекс брокері халықаралық валюта нарығында 2007 жылдан бері сапалы онлайн-сауда қызметін ұсынуда. Форекс нарығында жұмыс істеген 6 жылда компания қомақты нәтижелерге және үлкен көрсетекіштерге қол жеткізе алды. «ИнстаФорекс сандармен» тарауында біз сіздерге, сіздердің арқаңызда мүмкін болған өзіміздің жетістіктеріміз, жеңістеріміз және рекордтарымыз туралы айтамыз. Біз сіздерге сандар тілінде айқын көрінген, біздің жұмысымыздың нәтижелерімен танысуды ұсынамыз.

ИнстаФорекс компаниясының  бет-бейнесі — әлемдік  теннистің көшбасшысы Виктория Азаренко
ИнстаФорекс компаниясының бет-бейнесі — әлемдік теннистің көшбасшысы Виктория Азаренко

Виктория Азаренко — әлемдік әйелдер теннисінің көшбасшысы — ИнстаФорекс компаниясының жаңа бет-бейнесі. Танымал теннисші мен Азиядағы №1 брокерді жеңіске, жаңа жетістіктерге деген ұмтылыс, дамуды жалғастыра отырып, өз кәсіби біліктілігі мен шеберліктерін жетілдіріп, табыстың шыңында қалу ниеті біріктіреді. ИнстаФорекс компаниясы мен оның миллиондаған клиенттері үшін Виктория Азаренкомен серіктестік — бұл, сөзсіз, маңызды оқиға, себебі 2012ж. Лондон олимпиадасының чемпионы және WTA әлемдік рейтингтің №1 ең таңдаулы спорт түрі — үлкен теннистің көшбасшыларының бірі ғана емес, Виктория Азаренко — бұл заманауи теннистің жаңа үрдістерінің және оның болашағының іске асуы, өйткені, жыл сайын Виктория Азаренко үлкен теннистің жаңа шыңдарын бағындырып, мықтырақ және табыстырақ болуда. Викторияны алда тағы көптеген титулдар мен жеңістер күтіп тұр. Енді компанияның әрбір клиенттің ұлы спортшы қыздың жеңістеріне қатысты болудың керемет мүмкіндігі бар. ИнстаФорекспен бірге Викторияны қолдаңыз!

ИнстаФорекс  және Marussia F1 командасымен бірге максималды жылдамдыққа жет
ИнстаФорекс және Marussia F1 командасымен бірге максималды жылдамдыққа жет

ИнстаФорекс брокері «Формулы-1» Marussia F1 Team командасының ресми серіктесі болып табылады. Marussia F1 Team жарыс командасының негізі 2009 жылы, Marussia Motors суперкардың ресейлік өндірушісінің қолдауымен қаланған. 2011 жылы Marussia Motors компаниясы бас демеуші болды, ал 2012 жылы - штаб пәтері Ұлыбританиядағы «Формула -1» британдық жарыс командасы акцияларының бақылау пакетін ұстаушы болды. Marussia F1 Team командасы «Формулы-1» автоспорттың патшайымында барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, белсенді дамуда. Команда үшін жас әрі дарынды пилоттар өнер көрсетеді, олардың арасында келешегі жоғары ағылшын Макс Чилтон және француз Жюль Бьянки - «Формулы-1» болашақ жұлдыздары.

Әлемнің ең үздік теннисшілерінің бірі Янко Типсаревич енді ИнстаФорекспен
Әлемнің ең үздік теннисшілерінің бірі Янко Типсаревич енді ИнстаФорекспен

Сербтік теннисші Янко Типсаревич біздің заманымыздың ең жеңісті 10 теннисшілердің қатарына кіреді. Өзінің алғашқы жетістігінен бастап Янко Типсаревич әлемдік рейтингте 183 орыннан 8 орынға көтеріліп, жеке разрядтың топ-10 кірді. Типсаревичтің жетістіктер тізімі ауқымды: Дэвис кубогындағы жеңіс, командалық әлем Кубогындағы, Штутгарттағы ATP, Куала-Лумпур, Мәскеудегі(«Кремль Кубогы») және көптеген беделді турнирлердегі жеңіс. Атап айтқанда, Янко 2012 ж. қараша айында Сингапурде өткен «Құрылықтар Шайқасында» жеңіске жетті.

Спорттық стиль: ИнстаФорекс ұсынған Porsche Cayman
Спорттық стиль: ИнстаФорекс ұсынған Porsche Cayman

ИнстаФорекс компаниясы премиум-класты автомобилдерінің ұтысын өткізуде, бұл бүкіл әлемнің мыңдаған трейдерлерін немқұрайлы қалдырмайтын дәстүрге айналған. Ұтысы өткен  Lotus Evora, Lotus Elise, Hummer H3 және әлі өз иелерін таппаған Lotus Evora және Porsche Cayenne — ИнстаФорекс компаниясы «Спорттық стиль: ИнстаФорекс ұсынған Porsche Cayman» жаңа супер-акциясын іске қосты. Бұл жолы бас жүлдеге элиталық суперкар Porsche Cayman тігілді, ол ИнстаФорекс компаниясының акцияға тіркелген клиенттерінің арасында ойнатылады. Акция 2013 жылдың 22 сәуірінде басталады, жаңа Porsche Cayman кілті табысталатын жеңімпаздың есімі 2015 жылдың 19 қазанында жарияланады.

ИнстаФорекс — күнге жақын
ИнстаФорекс — күнге жақын

ИнстаШар — бұл 2012 жылдың жазында алғаш рет ұшырылған брендтік аэростат. Көк жүзінде қалықтап, ИнстаШар ИнстаФорекс компаниясымен қызметтестіктің және сауданың шексіз мүмкіндіктерінің символы іспеттес. Брокердің айшықты логотипі бар аэростатта ұшу ИнстаФорекспен трейдинг сияқты жеңіл де жігерлі: сіз жайлы жағдайда сүйікті ісіңізбен айналысып, күнделікті күйбең тіршіліктен бой жазып, жәй ғана қалықтайсыз.

Валюталық трейдингтің көк аспанына  ИнстаФорекспен ұшыңыз!
Валюталық трейдингтің көк аспанына ИнстаФорекспен ұшыңыз!

ИнстаҰшақ— ИнстаФорекс компаниясының халықаралық валюта нарығындағы жоғары жетістіктерін еске түсіретін жоба. Еуропадағы ірі "Czech Airlines" авиакомпаниясы ұшақтарының бірі ИнстаФорекс брокерінің айшықты логотипімен безендірілген. Жер бетінен мыңдаған метр биіктікте ұшып, брендтелген лайнер ИнстаФорекс қызметкерлерінің кәсіби жұмысымен қамтамасыз етілетін трейдингтің жеңілдігі мен жылдамдығының символы болып табылады.

Evora Lotus - Сіздің сауда бонусыңыз
Evora Lotus - Сіздің сауда бонусыңыз

ИнстаФорекс халықаралық брокері аты аңызға айналған британдық элиталық спорткар Lotus Cars ұтысын өткізуді жалғастыруда. «Evora Lotus – Сіздің сауда бонусыңыз» акциясының аясында 2014 жылы оның жеңімпазы анықталып, тағы бір «зарядталған спорткардың- Lotus Evora" иесі болады.

ИнстаФорекс ұсынған инновациялармен болашаққа қол соз!
ИнстаФорекс ұсынған инновациялармен болашаққа қол соз!

Форекс-дроид Fx Bot, компанияның өз клиенттеріне трейдинг саласындағы ең соңғы зерттеулерін ұсынуға деген ұмтылысын білдіреді және ИнстаФорекс командасының жаңа мүшесі болып табылады. WiFi арқылы оператордың басқаруындағы телеқатысу принципі жүзеге асқан көпфункционалды робот, көрмелер мен конференцияға қатысушылармен тілдесуге, шебер әдістермен жылжуға, слайдтық презентациялар мен промо-роликтерді көрсетуге, трейдингке қатысты сұрақтар бойынша ауқымды кеңестер беруге икемді.

Алеш Лопрайс – InstaForex Loprais Team командасының пилоты
Алеш Лопрайс – InstaForex Loprais Team командасының пилоты

Жарыс - жұмыс та, хобби да емес, InstaForex Loprais Team раллий командасының пилоты және PR-менеджері Алеш Лопрайс отбасының тарихы және өмір сүру стилі. «Париж-Дакар» ралли-рейдтің алты мәрте чемпионының жиені, Алеш алғаш рет жарыстық жүк көлігінің рөліне жеті жасында отырған және өмірінде қандай жолды таңдап алатынын нақты білген. Оның медальдерінің топтамасында бүгіндері «Дакар», «Орталық-Еуропалық ралли», «Жібек жолы» ралли үшін берілген жүлделі орындар да бар. ИнстаФорекс халықаралық брокері Loprais Team титулды демеушісі болып, пилотқа ірі жарыстарда бас айналдырар жаңа жеңістерге жетуге тілектес!

Форекс нарығында   Олег Тактаровпен бірге сәттілікке жет!
Форекс нарығында Олег Тактаровпен бірге сәттілікке жет!

2011 жылдың соңында ережесіз жекпе-жек бойынша әлем чемпионы, актер, тележүргізуші, кинопродюсер, жазушы және трейдер - Олег Тактаров - ИнстаФорекс халықаралық брокерінің ұсынысын қабылдап, компания брендінің өкілі болды. Тактаровтың айтуынша, өзі сияқты жеңістерге жетуге ұмтылатын жас әрі сәтті компанияның бет-бейнесі болу құрмет болып саналады. ИнстаФорекс компаниясы Олег Тактаровпен қызметтестікке өте қуанышты, оның белсенді өмірлік ұстанымы мен жеңіске деген талпынысы үлгі болып табылады және жаңа асуларды алуға шабыттандырады.

«Best Trading, Luxury Driving»
«Best Trading, Luxury Driving»

Халықаралық Форекс-брокер ИнстаФорекс компаниясы «Best Trading, Luxury Driving» Акциясы аясында компания клиенттерінің арасында атақты неміс өндірушісі Porsche AG ұсынған премиум-класты жаңа Porsche Cayenne автомобилінің ұтысын өткізеді.

Илона Корстинмен бірге трейдингтің жаңа шыңдарын бағындыр
Илона Корстинмен бірге трейдингтің жаңа шыңдарын бағындыр

Атақты баскетболшы Илона Корстин ИнстаФорекс компаниясының бет-бейнесі болып табылады. Спортшының айтуынша, бәрінде ең үздігі болуға бағытталған мақсаттары мен басымдылықтары оның мақсаттарымен сәйкес келетін, осындай ИнстаФорекс сияқты беделді компанияның бет-бейнесі болуға өте қуанышты. Илонаның Форекс валюта нарығында саудалаудың сәтті тәжірибесі бар және ИнстаФорекс компаниясы ұсынатын брокерлік қызметтің сапасын жоғары бағалайды.

«Hummer кілті бақытты қолдарға
«Hummer кілті бақытты қолдарға

2010 жылдың мамыр айында ұтысқа тігіліп, 2010 жылдың қыркүйегінде Hummer H3 жол таңдамайтын көлігі табысталды.
ИнстаФорекс компаниясы «Hummer кілті бақытты қолдарға» жылдық акцияның жеңімпазын қуана жариялайды. Ол Санкт-Петербургтік трейдер – Руслан Махаури. Акцияның бас жүлдесі – Hummer H3 автомобилі - 2010 жылдың 19 қыркүйегінде ИнстаФорекс компаниясының Мәскеудегі ShowFx World көрмеге қатысуы кезінде Руслан Махауриге салтанатты түрде тапсырылды. Сонымен қатар, жеңімпаздың сауда шотына 1000 АҚШ доллары көлеміндегі сома аударылды. Сіздің назарыңызға Hummer автомобилін салтанатты тапсыру сәтінен бейне репортажды және акцияның жеңімпазымен сұхбатты ұсынамыз.

«ИнстаФорекс ұсынған Lotus ұтып ал»
«ИнстаФорекс ұсынған Lotus ұтып ал»

2009 жылдың 1 қарашасынан 2011 жылдың 27 мамырына дейін ИнстаФорекс клиенттерінің арасында "ИнстаФорекс ұсынған Lotus ұтып ал" акциясы өткізілді, оның жеңімпазы Малайзиялық трейдер Nazri Bin Zainuri.
халықаралық онлайн-брокер ИнстаФорекс компаниясы ИнстаФорекстенLotus ұтып ал» Акциясының аясында компания клиенттерінің арасында жаңа, шанағы – спорт-купе түрінде жасалған Lotus Elise автомобилінің ұтысын өтізеді. ИнстаФорекстен Lotus ұтып ал» Акциясында жеңіске үміткер болу үшін ұтыс ойынының басты шартын орындау керек – өз сауда шотыңызды 1000.00 USD кем болмайтын сомаға толтырып, Акцияны сәйкес бетіне өтіп, тіркелу керек. Акция 2009 жылдың 1 қарашасынан бастап 2011 жылдың 27 мамыры аралығында өтеді. Осылайша, 2011 жылдың жазы «ИнстаФорекстенLotus ұтып ал» Акциясына қатысушылардың бірі үшін жаңа Lotus Elise спорт-купенің кілтін табыс етумен есте қалмақ.

ИнстаФорекс промо-брошюрасы
ИнстаФорекс промо-брошюрасы

Сіздердің назарыңызға ИнстаФорекс халықаралық брокеріне арналған промо-брошюраны ұсынамыз. Аталған брошюрадан сіз компанияның қызметі туралы және оның Форекс нарығындағы жетістіктері туралы біле аласыз. Бұл промо-материал танысу үшін, сондай-ақ ИнстаФорекс компаниясы серіктестерінің маркетингтік тарату үшін пайдаланылуы мүмкін.

«Трейдинг  ИнстаФорекспен биіктікте»
«Трейдинг ИнстаФорекспен биіктікте»

Теңіз деңгейінен ең жоғары трейдинг бойынша әлемдік рекорд.
ИнстаФорекс халықаралық брокері өзінің клиенттеріне және серіктестеріне әрдайым сапасы өте жоғары сервистер және қызметтер ұсынуға тырысуда. ИнстаФорекстің жоғары деңгейі, компания дамуының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес: сауда шарттарындағы қолайлылықта, аспаптардың кең таңдауында, жоғары білікті қолдау қызметінде, сауда көлеміне қарамастан әрбір клиентке жеке көзқараспен, мәмілелерді орындау жылдамдығында және т.б. көрінеді. Бұл ИнстаФорекс компаниясына Форекс нарығындағы шыңдардың бірінде орнығуға мүмкіндік береді.

«Торнадо - ИнстаФорекс»
«Торнадо - ИнстаФорекс»

2010-2011 жылдарда ИнстаФорекс компаниясы ТМД ержүректер клубтарының арасындағы көшбасшылардың бірі «Торнадо-ИнстаФорекс» клубының бас демеушісі және Украинадағы Grand Mix Fight және ProFC аралас жекпе-жектің лигалар бойынша бас серіктесі болды. Ержүректер клубымен ынтымақтастық ИнстаФорекс компаниясы үшін жаңа және оң тәжірибе болды. «Торнадо-ИнстаФорекс» клубының жеңістерімен өзіне назар аудартуы спортта да, бизнесте де одан да маңызды болашақ жеңістердің алғышарты болмақ.

Miss Insta Asia 2017 Сұлулық конкурсы
Miss Insta Asia 2017 Сұлулық конкурсы

ИнстаФорекс компаниясы бірегей сұлулық конкурсын жалғастыруда.
2016 жылдың 1 қазанында ИнстаФорекс Форекс-брокерінен Miss Insta Asia 2017 — жыл сайынғы онлайн- сұлулық конкурсының 8 маусымы басталды. Конкурстың VIII маусымында сіздерді әлемнің түкпір-түкпірінен сұлулығы мінсіз көптеген аруларды көре аласыздар. Сұлулыққа тәнті болыңыз!

«ИнстаФорекстің Мәскеудегі кеңсесі»
«ИнстаФорекстің Мәскеудегі кеңсесі»

ИнстаФорекс компаниясының Мәскеудегі кеңсесі қаланың орталығындағы Жаңа Арбаттағы заманауи бизнес-орталықта орналасқан және өкілдік класты кеңсенің барлық маңызды талғамына сай келеді. ИнстаФорекс компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде әрбір клиент пен серіктес, сондай-ақ қаржы нарығындағы қарқынды инвестицияларға қызығушылық таныта бастағандар да, Форекс-трейдингке қатысты және көптеген мәселелер бойынша біздің мамандарымыздың жан-жақты қолдауын және кәсіби кеңесін ала алады.

«ИнстаФорекстің Санкт-Петербургтегі кеңсесі»
«ИнстаФорекстің Санкт-Петербургтегі кеңсесі»

Санкт-Петербургтің тұрғындары мен қонақтары валюта нарығындағы жұмысқа қатысты кез-келген мәселе бойынша кеңес алу үшін ИнстаФорекс компаниясы өкілдігінің білікті мамандарымен хабарласа алады. Біздің кеңсеміз Преображенский двор беделді бизнес-орталығында, "Чернышевская" метро станциясының маңайында орналасқан және аптасына бес күн жұмыс істейді.

Үздік брокер ұсынған спорткар
Үздік брокер ұсынған спорткар

Акция ИнстаФорекс компаниясының өз сауда шоттарын 1000 USD кем болмайтын сомаға толтырған клиенттердің арасында өткізілді. Ұтыс 2010 жылдың 1 маусымы мен 2012 жылдың 25 мамыры аралығында өтті. Бас жүлде - Lotus Evora спорт-кары. 2012 жалдың жазының басында Lotus Evora жаңа спорт-купенің кілтін Мәскеу облысының Подольск тұрғыны Лукинов Юрий Борисович иемденді.

«Зволен» ХК және  ИнстаФорекс брокері — бірге жаңа жеңістерге!
«Зволен» ХК және ИнстаФорекс брокері — бірге жаңа жеңістерге!

ИнстаФорекс брокері словакиялық экстралигада өнер көрсететін, Еуропаның ең ежелгі — «Зволен» хоккей клубының бас демеушісі болып табылады. «Зволен» ХК — еуропа хоккейінің нағыз аңызы. 2005 жылы бұл жоғары статус Еуропаның Континентальді кубогындағы жарқын жеңісімен дәлелденді. 2012–2013 хоккей маусымында «Зволен» Словакиялық экстралиганы ұтып алды. Команда құрамында түрлі кезеңде әлемдік шайбалы хоккейдің жұлдыздары ойнаған. «Зволен» ХК қазіргі құрамында Словакияның хоккей құрамасының көптеген мүшелері ойнайды.

Ливерпуль ФК
Ливерпуль ФК

ИнстаФорекс компаниясы Азияда және ТМД елдерінде Форекс халықаралық валюта нарығында валюта аспаптарымен және бинарлы опциондарды онлайн саудалау санатында "Ливерпуль" футбол клубының ресми серіктесі болды. Жаңа одақ ИнстаФорекс клиенттеріне естен кетпес әсерлер береді, атап айтсақ, сол аймақтағы клиенттерге команданың Энфилдегі үй матчтарында қайталанбас әсер алуына мүмкіндік береді.

ИнстаФорекс – Dragon Raсing ресми  серіктесі
ИнстаФорекс – Dragon Raсing ресми серіктесі

Егер автоспорттың болашағын болжауға болса, онда бұл сөзсіз, Формула-Е жарыс сериясы. Футуристік дизайн және электр қозғалтқыштары біздің балаларымыздың, бәлкім, біздің де қандай автомобильдермен жүретінімізді білуге мүмкіндік береді! Формулы-Е барлық осы қасиеттері біздің назарымызды аудартты. Біз, Dragon Racing сияқты әрқашан технологиялық пионерлер арасында болдық, бірақ Форекс нарығында тұрып, ертеңгі күнге есікті ашуға талпынудамыз.

«Палермо» ФК — ИнстаФорекстің жаңа серіктесі
«Палермо» ФК — ИнстаФорекстің жаңа серіктесі

ИнстаФорекс компаниясы «Палермо» италиялық футбол клубының ресми серіктесі болды. Ұзақ мерзімді келісім-шартқа 2015 жылдың күзінде қол қойылды. Команда құрамында шабуылшы Альберто Джилардино — 2006 жылғы әлем чемпионы, Италия құрамасының ойыншысы - жартылай қорғаушы Франко Васкес сияқты италия футболының жұлдыздары ойнайды. Жаңа серіктестіктің жемісін қазірдің өзінде татып көруге болады, өйткені біздің компаниямыздың әр клиентінің енді күн сәулелі Сицилияда, "Палермо" клубының қатысуымен өтетін Италия чемпионаты матчтарының біріне VIP-билеттер ұтып алу мүмкіндіктері бар.

Начни торговлю
без вложений и риска
С новым STARTUP бонусом 1000$
Получи бонус
55%
от ИнстаФорекс
на каждое пополнение