Сайттың картасы
العربية Български 中文 Čeština English Français Deutsch हिन्दी Bahasa Indonesia Italiano Bahasa Malay اردو Polski Português Română Русский Srpski Slovenský Español ไทย Nederlands Українська Vietnamese বাংলা Ўзбекча O'zbekcha Қазақша

ИнстаФорекс клиентінің кабинеті

  • Кабинетті дербес баптау
  • Компанияның барлық сервистеріне қол жеткізу
  • Егжей-тегжейлі статистика және мәмілелер бойынша есеп беру
  • Қаржылық операциялардың толық спектрі
  • Бірнеше шоттарды басқару жүйесі
  • Деректерді қорғаудың ең жоғары дәрежесі

ИнстаФорекс серіктесінің кабинеті

  • Клиенттер мен комиссиялар туралы егжей-тегжейлі ақпарат
  • Шоттар мен басулардың графикалық статистиксы
  • Вебмастер үшін қажетті аспаптар
  • Дайын веб-шешімдер және баннерлердің кең таңдауы
  • Деректердің жоғарғы қауіпсіздігі
  • Компанияның жаңалықтары, RSS-ленталар және Форекс-информерлер
Сауда шотын ашу
Серіктестік бағдарлама
cabinet icon

ИнстаФорекстен тағы бір Lamborghini!оның рөлінде дәл Сен бола аласың!

Жай ғана сауда шотын 1000 долларға толтыр!

Ең жақсы сауда шарттарын және сәнді бонустық ұсыныстарды ал! Біз аңызға айналған 6 спорткарды сыйға тарттық! Және біз тоқтамаймыз! Соңғы шыққан Lamborghini Huracan сенікі болуы мүмкін!

ИнстаФорекс – өз жеңістеріңе инвестицияла!

Шотты тез ашу

Үйретуші хаттар алу
toolbar icon

Сауда алаңы

Мобильді құрылғылар үшін

Браузерде саудалау үшін

ИнстаФорекс бонустары

ИнстаФорекс бонустары
info icon Қаржы сұрақтары

Толтыру және алу кезінде ИнстаФорекс бағамдарын конвертациялау жүйесі басқа Форекс-брокерлердің ұсыныстарынан несімен ерекшеленеді?

Шот валютасынан өзгеше валютамен толтырғанда, компанияда ағымдағы нарықтық бағам пайдаланылады. Толтыру бағамы бойынша ақпарат клиенттік кабинетте де, сондай-ақ компанияның бас сайтында да қол жетімді (бұл ретте айырбастау BID бағасы бойынша жүргізіледі).
Толтыру валютасы шот валютасынан өзгеше болғанда, алу кезінде компания орташа сараланған бағамды пайдаланады, оны анықтау кезінде бағамы мен толтыру көлемі ескеріледі.
Басқа Форекс-брокерлер қолданатын ішкі бағамдар жүйесіне қарағанда ИнстаФорекс компаниясында орташа сараланған бағам әлдеқайда тиімді, өйткені ішкі бағамдар ауқымды ішкі спредтермен сипатталады, соның кезінде толтыру бір бағам бойынша, ал алу – басқа бағам бойынша жүреді. Бұл жағдайда алу және толтыру бағамдары арасындағы айырмашылық 10% - ға дейін жетуі мүмкін, бұл шотты 10000 рубльге толтырғанда сіз алуды тіпті сол күні жүзеге асырсаңыз да, кепілді түрде 1000 рубльден айырылатыныңызды білдіреді.

10000 рубльге толтыру барысында бағамды анықтаудың орташа сараланған тәсілінде сіз 10000 рубльді қайтып аласыз және сол сомаға доллар аласыз.

Орташа сараланған бағамды есептеу мысалы:
Клиент бастапқыда, бір доллар үшін 66,57 рубль бағамы бойынша өзінің долларлық шот балансын 10000 рубльге толтырды. Шотқа есептеу сәтінде сомасы 150,22 доллар құрайды.
Біраз уақыттан кейін клиент бір доллар үшін 63,81 рубль бағамы бойынша, шотын 5000 рубльге толтырды. Шотқа есептеу сәтінде сомасы 78,36 доллар құрайды.
Біраз уақыттан кейін клиент 300 доллар көлемінде тапқан пайдасын шығарғысы келді. Орташа сараланған бағам орташа арифметикалық сараланған формула бойынша есептеледі:
10000/15000*66,57+5000/15000*63,81=65,65.
Осылайша, шығару сомасы рубльмен 19695 рубльді құрайды.


ИнстаФорексте толтырудың және алудың қандай тәсілдері қолданылады?

Сіз сауда шотын RBKMoney, Qiwi, MoneyBookers/Skrill, Neteller, Яндекс.Деньги, Z-Payment, Visa, MasterCard карталары және банктік аударым арқылы, сондай-ақ біздің дилерлерде қолма-қол ақшамен толтыра аласыз. Толтыру жүзеге асырылған тәсілдермен ақшаны алуға болады.


Толтыру кезінде компанияның өзі қандай да бір комиссия ала ма?

Толтыру кезінде ешқандай комиссия алынбайды, алайда аудару сомасынан ЭТЖ арқылы аударғанда төлем жүйесінің өзінің комиссиясы немесе банктік валюта аударымын қабылдау және алу кезінде банктің комиссиясы алынатынын ескеру керек.


Сауда шотын толтыруға қанша уақыт кетеді?

RBKMoney, Z-Payment, OnPay арқылы толтыру лезде жүреді, Qiwi арқылы - 15 минут ішінде, Яндекс.Деньги арқылы – 3 сағатта, Visa/MasterCard картасынан - жылдам және төлеудің таңдаған тәсіліне байланысты 24 сағатқа дейін, MoneyBookers/Skrill, Neteller арқылы - 24 сағатқа дейін. Шотты біздің дилерлеріміз арқылы қолма-қол ақшамен толтыру 1-4 сағат алады. Қаражатты банктік аударым арқылы есептеу 4 күнге дейін созылады.


Сауда шотынан қаражатты алуға қанша уақыт кетеді?

QIWI, MoneyBookers/Skrill және басқа да электронды төлем жүйелері арқылы қаражатты алу 1 сағаттан 7 сағатқа дейін созылады. Қаражатты банктік аударым арқылы алу 2-4 күнге созылады. Visa картасына алу процесі 1-6 банктік күнге созылады.


Алудың минималды сомасы қандай?

Алудың минималды сомасы жоқ. Сіз, кредиттік картаны қоспағанда (алу сомасы 50 USD-ден 2500 USD дейін), шот бойынша кез-келген қалдықты әрқашан ала аласыз. Сондай-ақ, қаражатты банктік аударым арқылы алу кезінде мұқият болыңыз: операция үшін банктік комиссия 30 АҚШ долларына дейін жетуі мүмкін.


Депозиттің минималды сомасы қандай?

Депозиттің минималды сомасы 1 АҚШ долларын құрайды.


Депозит жасалған реквизиттерден қаражатты алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, мысалы, реквизиттер жоғалғанда, қандай әрекеттер жасау керек?

Бір төлем жүйесі аясында реквизиттерді ауыстыру үшін F1 формасын толтырып, төлқұжаттың сканерленген көшірмесін жіберу керек: change_requisites@mail.instaforex.com.


Тақырыптар тізіміне
info icon ИнстаФорекс сауда серверлері

ИнстаФорекс компаниясының сауда серверлерінің IP-адрестері қандай?

ИнстаФорекс компаниясы клиенттерінің жұмыс үшін 10 сауда серверінің бірін таңдау мүмкіндігі бар.

ИнстаФорекс компаниясында нақты сауда шотын тіркеу кезінде сіздің шотыңыз ашлатын серверді таңдау мүмкіндігіңіз бар. Нақты сауда шоттарын ИнстаФорекс компаниясында тіркеу үшін барлық қол жетімді серверлер төмендегі тізімде ұсынылған:

АҚШ-тағы сервер, адресі InstaForex-USA.com немесе 10,000 бастап 700,000 дейін және 15,000,000 - 17,999,999 нөмірлері бар сауда шоттары үшін қолданылатын 184.173.223.74:443;

АҚШ-тағы сервер, адресі InstaForex-USA2.com немесе 8,000,000 бастап 9,000,000 дейін және 80,000,000 - 82,999,999 нөмірлері бар сауда шоттары үшін қолданылатын 50.22.152.194:443;

Сингапурдегі сервер, адресі InstaForex-Singapore.com немесе 7,000,000 бастап 8,000,000 дейін және 70,000,000 - 72,999,999 нөмірлері бар сауда шоттары үшін қолданылатын 216.12.212.251:443;

Голландиядағы сервер адресі InstaForex-Europe.com немесе 5,000,000 бастап 6,000,000 дейін және 50,000,000 - 52,999,999 нөмірлері бар сауда шоттары үшін қолданылатын 188.138.40.126:443;

Гонконгтегі сервер, адресі InstaForex-HongKong.com немесе 1,000,000 бастап 2,000,000 дейін және 10,000,000 - 12,999,999 нөмірлері бар сауда шоттары үшін қолданылатын 50.97.132.12:443;

Ұлыбританиядағы сервер, адресі InstaForex-UK.com немесе 2,000,000 бастап 3,000,000 дейін және 20,000,000 - 22,999,999 нөмірлері бар сауда шоттары үшін қолданылатын 88.99.70.23:443;

центтік шоттарға арналған сервер адресі InstaForex-Cent.com немесе 3,000,000 бастап 3,500,000 дейін және 30,000,000 - 32,999,999 нөмірлері бар сауда шоттары үшін қолданылатын 176.9.148.69:443;

центтік шоттарға арналған сервер адресі InstaForex-Cent2.com немесе 3,500,000 бастап 4,000,000 дейін және 35,000,000 - 37,999,999 нөмірлері бар сауда шоттары үшін қолданылатын 85.10.206.226:443.

Демо-шотты тіркеу кезінде келесі серверлердің бірін көрсету қажет:

конкурстарға арналған сервер адресі InstaForex-Contest.com немесе нөмірлері 65,000,000 басталатын демо-шоттар үшін қолданылатын 173.192.99.81:443;

қалған демо-шоттарға арналған сервер, адресі InstaForex-1Demo.com немесе нөмірлері 60,000,000 бастап 65,000,000 дейінгі шоттар үшін қолданылатын 188.138.32.156:443.


Тақырыптар тізіміне
info icon Сауда шарттары бойынша сұрақтар

Неліктен ИнстаФорекс стандартты 100000 орнына 10000 лотты пайдаланады?

ИнстаФорекс компаниясы біреудің ішіндегі үш түрлі шотты бірден пайдалана отырып, Forex-те саудалау мүмкіндігін ұсынады: Micro Forex, Mini Forex, Standard Forex. Осындай технологияны мүмкін ету үшін, лоттың стандартты емес көлемі 10000 енгізілді, ол 0.01 лотқа мәміле кезінде пункт бағасын 0.01 USD береді, яғни абсолютті минимум, ол 5000-10000 дейінгі шоттардың иелеріне өз тәуекелдерін барынша бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен бір мезетте, лоттың 10000 көлемі мәмілелерді ашу кезінде пункт құнын есептеуді ыңғайлы етеді.

Төменде ұсынылған деректерге қарасақ жеткілікті:
0.01 ИнстаФорекс-лот мәмілесі = Пункт бағасы 0.01 USD
0.1 ИнстаФорекс-лот мәмілесі = Пункт бағасы 0.1 USD
1 ИнстаФорекс-лот мәмілесі= Пункт бағасы 1 USD
10 ИнстаФорекс-лот мәмілесі = Пункт бағасы 10 USD
100 ИнстаФорекс-лот мәмілесі = Пункт бағасы 100 USD
1000 ИнстаФорекс-лот мәмілесі = Пункт бағасы 1000 USD

Есептеудің ыңғайлы болуы және бір сауда шотында Forex-сауданың үш деңгейін бірден ұштастыру мүмкіндігі ИнстаФорекс-лоттарды ИнстаФорекс компаниясының сауда шарттарының айқын артықшылығы етеді.


Кредиттік көтерме деген не?

Кредиттік көтерме - бұл кепіл сомасы мен соған бөлінетін қарыз қаражатының арасындағы ара-қатынас (1:100, 1:200, 1:1000). Кредиттік көтерме 1:100, сізге мәмілені жүзеге асыру үшін брокердің сауда шотында мәміле сомасынан 100 есе аз сома қажет болатынын білдіреді. ИнстаФорекс компаниясында сіз 1:1-ден 1:1000 дейінгі көтермені таңдай аласыз.


Нарық шолуында неге мен барлық символдарды көрмеймін?

Бұл сіздің терминалыңыздың қандай да бір жұптар бойынша котировкаларды алуға жазылуыңызға байланысты. Ұсынылатын котировкалар тізімін кеңейту үшін сізге нарық шолуында оң жақтағы тетікті басып, "Барлық символдарды көрсету" пунктын таңдасаңыз жеткілікті.


Жаңалықтар кезінде спредтер ұлғайтылуы мүмкін бе?

ИнстаФорекс компаниясы жаңалықтар кезінде спредтерді ешқашан ұлғайтпайды. Әрбір трейдер "жаңалықтар" уақытында да.

сауда шарттарының өзгеріссіз қалатынына сенімді бола алады.

Мен кеңесшілерді пайдалана алам ба және осыған қатысты қандай шектеулер бар?

Кеңесшілерді пайдалануда ешқандай шектеулер жоқ.


Мен компанияға қарыз болып қалуым мүмкін бе?

Жоқ, мүмкін емес. Егер мәміленің нәтижесінде шотта минус түзілсе, компания оны нөлге дейін қалпына келтіруге міндеттенеді.


Демодағы сауданың нақты сауда шоттарындағы саудадан қандай ерекшелігі бар?

Сауда шарттарында немесе сауда аспаптарының спецификацияларында айырмашылықтар қарастырылмаған. Демо-шоттардағы жұмыс нақты сауда шоттарына ұқсас және жұмыс шартын қайталайды, бар айырмасы, оқу шоттары үшін алу және толтыру операциялары қолжетімді емес.


Ең төменгі депозит неге тең?

Ең төменгі депозит бір долларды құрайды, бұл Сізге әрбір аспап бойынша мәмілелер ашуға мүмкіндік береді.


Неліктен EUR/GBP, EUR/CHF жұптарының құбылмалы спредтері бар?

Қалқымалы спред ірі халықаралық брокерлер жұмыс үшін пайдаланатын жалпы қабылданған аспап болып табылады. бірқатар сауда аспаптары үшін, соның ішінде EUR/GBP, EUR/CHF, қалқымалы спред қолданылады. Спред, компания жұмыс істейтін, нарық талаптарына сай анықталатын мәміле үшін брокердің сыйақысы болып табылады. Контрагенттерде спредтің артуына байланысты және құбылмалылығының төмен болуына қарай, спред қалқымалы күйге ауыстырылды. Қалқымалы спред қолданылатын барлық аспаптар туралы ақпаратпен Сіз спецификациялар бетінде таныса аласыз.


Кепіл сомасын қалай есептейді?

Кепіл сомасы, көтермеге бөлінген мәміленің көлеміне тең. Мәміленің көлемі доллармен мәмілеге қатысқан лоттар санына көбейтілген 10000 және көтермеге бөлінген мәміле валютасының бағамына тең. Мәміле валютасы, символы валюта жұбының белгілеуінде бірінші тұратын валюта болып табылады. Мысалы, EURUSD үшін- бұл EUR (сәйкесінше мәміле валютасының долларға бағамы EURUSD бағамына тең болады), USDCAD үшін - бұл USD (мәміле валютасының долларға бағамы 1 тең, өйткені USD/USD = 1), GBPJPY үшін мәміле валютасының бағамы - бұл GBP (мәміле валютасының долларға бағамы GBP/USD тең болады, өйткені GBPUSD бағамына баламалы). Осылайша, бағам GBPUSD 1.4956 болғанда, көтерме 1:100 кезіндегі GBPUSD 2 лот бойынша мәміле үшін кепіл 10000 * 2 * GBPUSD / 100 = 299.12 USD құрайды. Көтерме 1:1000 болғандағы USDJPY 3.5 бойынша мәміле үшін кепіл тең болады: 10000 * 3.5 * 1 / 1000 = 35 USD.

Біздің клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін сайтта трейдер калькуляторы орналасқан.


Өтінеміз, Бонустарды алуға сілтемені беріңізші?

Қалаған бонустың типін таңдап және оны мұнда сұрата аласыз.


Сіздерде микро және мини шоттар бар ма?

Иә, бар, бірақ InstaForex-те осындай сауда микро- және мини-лоттармен жүзеге асырылады, яғни бізде сіз 0,01 лоттан бастап саудалай аласыз, бұл микро-шотқа эквивалентті.


Кредиттік көтермені қалай ауыстыруыма болады?

Кредиттік көтермені сіз өзіңіз Клиенттік кабинетте ауыстыра аласыз.
Егер қандай да бір себептермен Клиенттік кабинетте бұны жасау Сізге мүмкін болмаса, Live чат, Yahoo, Skype, ICQ арқылы қолдау қызметімен хабарласып, оларға сауда шотының нөмірін, телефон құпиясөзін және қалаған көтермені айтыңыз.


Мен трейдердің құпиясөзін немесе пин-кодты ұмыттым, (немесе мен трейдердің құпиясөзін немесе пин-кодты ауыстырғым келеді) - оны қалай жасауға болады?

Трейдерлік құпиясөзді клиенттің өзі Клиенттік кабинетте, немесе MetaTrader сауда терминалының баптауларында өзгерте алады.

Ұмытып қалған трейдерлік құпиясөзді ауыстыру үшін, өтінеміз, шот нөмірін және телефон құпиясөзін кез- келген тәсілдермен қолдау қызметіне хабарлаңыз. Сондай-ақ өзіңіз қалаған трейдердің жаңа құпиясөзін айтыңыз(латын әріптері мен сандары, 6-дан 12 символға дейін).

Егер телефонның құпиясөзі ұмытылып қалса немесе оны ауыстыру қажеттілігі болса, пошта арқылы қолдау қызметімен хабарласыңыз support@instaforex.com немесе clients@instaforex.com, хатқа төлқұжаттың/жүргізуші куәлігінің скан көшірмесін қосып, сондай-ақ шот нөмірін айтыңыз. Сіздің трейдерлік құпиясөз қалпына келтіріледі немесе сіздің қалауыңыз бойынша өзгертіледі.

Қаражатты алу үшін ПИН-кодты ауыстырғыңыз келсе, пошта арқылы қолдау қызметімен хабарласыңыз support@instaforex.com немесе clients@instaforex.com, хатқа төлқұжаттың/жүргізуші куәлігінің скан көшірмесін қосып, сондай-ақ шот нөмірін айтыңыз. Хатта сондай-ақ жаңа ПИН-кодты көрсетіңіз (сандар немесе сандар мен әріптер).


Мен бір адамның атына бірнеше шот аша алам ба?

Иә, аша аласыз. Бір адамның атына ашылатын нақты және үйретуші сауда шоттарына шектеулер жоқ.


MetaTrader-де мен максималды 8 лотпен саудалай алам ба?

Жоқ, лоттардың кез- келген санын қолмен жазу керек (10000 дейін).


Тақырыптар тізіміне
info icon MetaTrader 4 және MetaTrader 5 сауда терминалдары арасындағы айырмашылықтар

Форекс нарығында серпін жасаған және көптеген трейдерлерге ұнаған MetaTrader сауда алаңы 2001 жылдан бері белгілі. 14 жыл ішінде сауда алаңын әзірлеген MetaQuotes Software Corp.компаниясы қосымшаны жетілдіріп, оның функционалдығын арттырды. MetaTrader сауда терминалының қазіргі кезде белгілі түрленімі MetaTrader 4 және MetaTrader 5 болып табылады. Платформаның 4-ші және 5-ші нұсқасының арасындағы елеулі айырмашылықтар шығу уақытында ғана емес, қосымшалардың өзінде де, сондай-ақ сауда процесін ұйымдастыруда да бар. MetaTrader 4 және MetaTrader 5 платформалардың айрықша ерекшеліктерімен толығырақ танысуды ұсынамыз.

№ п/псалыстыруға арналған пункттерMetaTrader 4MetaTrader 5
1ҚондырғыКөп уақыт алмайды және қарапайым болып табылады, шот ашқан кезде таңдалатын брокер-компанияның сервер адресі қажет болады.Көп уақыт алмайды және қарапайым болып табылады, шот ашқан кезде таңдалатын брокер-компанияның сервер адресі қажет болады.
2Графиктерді көрсетуБір мезгілде ашылатын графиктер саны шектелмеген. Тиктік графикте саудалау қолжетімді.Бір мезгілде ашылатын графиктер саны шектелмеген. Тиктік графикте саудалау қолжетімді.
3Таймфреймдер саны9 уақыттық кезең21 уақыттық кезең
4Іргелі талдау (жаңалықтар бойынша саудалау)Берілгені бойынша экономикалық күнтізбе жоқ, алайда, қосымша плагиндерді орнатуға болады.Терминалда іс-шаралар мен оқиғалар шолуы, кестеге және болжамдар қамтылған экономикалық күнтізбе кіріктірілген.
5Техникалық индикаторлар, графикалық және аналитикалық нысандар30 индикатор
жоқ
жоқ
38 индикатор
46 графикалық нысан
22 аналитикалық нысан
6Форекс-кеңесшілерMetaTrader 4 редактор
Strategy Tester 4 (Стратегиялар тестері)
Өнімдер сауда терминалының тек 4-ші нұсқасымен үйлеседі, MQL 4 тілдің көмегімен жазылған.
MetaTrader 5 редактор
Strategy Tester 5 (Стратегиялар тестері)
Strategy Tester Agent Manager 5
Өнімдер жақсартылған және жаңартылған, сауда терминалының тек 5-ші нұсқасымен үйлеседі, MQL 5 тілдің көмегімен жазылған. Кеңесшіледі жинау немесе MetaTrader 5 құру, MetaTrader 4 қарағанда әлдеқайда қиын.
7Ордерлердің түрлері мен саны Нарықтық ордерлер – 2
Кейінге қалдырылған ордерлер– 4
Стоп-ордерлер – 2
Нарықтық ордерлер – 2
Кейінге қалдырылған ордерлер – 6
Стоп-ордерлер – 2
8ДеңгейлерПайдаланушы бір валюталық аспапта және бағытта ордерлердің қалаған санын аша алады, бірақ әр түрлі деңгейлерде және әрқайсысымен жұмыс жеке-жеке жүргізіледі.Пайдаланушы бір валюталық аспапта және бағытта ордерлердің қалаған санын аша алады, бірақ графикте олар бірігіп, бірыңғай позицияда болады.
9 Қосымша MQL-өнімдерді алуҚосымша өнімдерді алу үшін MQL4.com. сайтқа өту керек. Сауда алаңының бұл нұсқасы сол порталға өтуді автоматты түрде жүзеге асырмайды.MQL-өнімдерді арнайы қосымшаларды ашып, сатып алуға болады. Өнімдер сайтқа өткеннен кейін емес, кіріктірілген қосымшалар арқылы сатып алынады.
10Локтау Қарама-қарсы позицияларды локтуды қоюға болады.Қарама-қарсы позицияларды локтуды қоюға болады.
11Саудалау (сақтандыру, FIFO және т. б.) Барлық сауда тәсілдері мен стратегияларын қолданатын трейдинг үшін барлық жағдай жасалған.Барлық сауда тәсілдері мен стратегияларын қолданатын трейдинг үшін барлық жағдай жасалған.
12Пайдаланушылар саныСаудада терминалдың осы нұсқасын пайдаланатын брокерлер саны 5-ші нұсқаны жақтаушылардың санынан асады.Осы сауда алаңын қолданатын және қызметті ұсынатын брокерлер саны 4-ші нұсқаға қарағанда айтарлықтай аз.
13Нарық Форекс нарығы аспаптарымен, сондай-ақ, фьючерстермен, опциондармен, бағалы қағаздармен және т. б. саудалау.Форекс нарығының негізгі аспаптары, сондай-ақ металдар, акциялар.
14Баға стақаныЖоқҚосылды
15ИнтерфейсҚарапайым және ыңғайлы. «Бір басумен сауда» және «Тасымалдау» функциялары платформаның 500 нұсқасында бар.Айтарлықтай оңтайландырылды, дизайн өзгертілген. «Бір басумен сауда» және «Тасымалдау» функциялары қосылды. Іздеу жолмен толықтырылды, «Нарыққа шолу» терезесінде ақпараттық қосымша пайда болды.
16Клиент кабинетіКлиент кабинетінің барлық сервисі қолжетімді. Шоттарға арналған клиент кабинеті МТ5 алаңда жоқ. Қаражатты толтыру және алу басты сайт арқылы жүзеге асырылады.
Тақырыптар тізіміне
info icon Серіктестік бағдарлама бойынша сұрақтар

Егер мен серіктес болсам, менің сыйақым неге тең?

Сіз әрбір мәміледен 1,5 пункт аласыз. Бұл бүкіл әлемде қолдану үшін жалпы қабылданған стандартты схема.


Басқа клиенттерді қалай тартуға болады?

Серіктестік шот ашқаннан кейін (одан да сауда жасау мүмкін болатын), сіз серіктестік сілтемелерді тарату арқылы да, сондай-ақ, таныстарыңыздың арасында жай ғана ақпаратты тарату арқылы да клиенттерді тарта аласыз, сілтеме бойынша кіргесін олар автоматты түрде сіздің рефералдарыңыз болып саналады. Екінші жағдайда, сіздің танысыңызды реферал ретінде жазу үшін оған сіздің серіктестік кодыңызды хабарласаңыз жеткілікті (оны шот ашу кезінде тіркеу формасында жазуы керек болады), немесе оның ТАӘ және шот нөмірін, сондай-ақ өзіңіздің серіктестік шотыңыздың нөмірін хатта rus.partners@instaforex.com көрсетуіңіз керек болады. Серіктестік бағдарламасына қатысты толық ақпаратпен сіз арнайы құрылған сайттың тарауында таныса аласыз.


Серіктестік комиссияларды алуға қандай да бір шектеулер бар ма?

Ешқандай шектеулер жоқ.


Серіктестік бағдарламасына қатысу үшін қандай да бір талаптар қойыла ма?

Ешқандай талап жоқ. Сіз таныстарыңыздың арасында жай ғана ақпаратты тарату арқылы да, өз аумағыңызда компанияның өкілі ретінде жұмыс істеп, жаңа клиенттерді тарта аласыз.


Тақырыптар тізіміне
info icon ПАММ-жүйе бойынша сұрақтар

ПАММ-жүйеге қатысуға өтінімнен кейін толтырылатын ПАММ-байланыс ақпараты деген не және ол не үшін керек?

Бұл ақпарат инвестициялау операциялары бойынша сіздің контрагенттеріңізге хабарланады. Егер сіз ақшаны инвестицияласаңыз немесе сізге ақшаны инвестицияласа, сіз басқа тараптың байланыс ақпаратын автоматты түрде аласыз және керісінше. Бұл инвестициялау операцияларына қатысушылар арасындағы байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өйткені компания техникалық жағынан ғана делдал болып, Трейдердің қаражаты мен пайызының қайтуына кепілдік береді, бірақ Трейдер мен Инвестордың өзара әрекеттестігіне араласпайды.


ПАММ-ға қатысу үшін шот валютасы қандай болу керек?

Қазіргі кезде ПАММ-жүйеге ИнстаФорекс компаниясындағы долларлық шоттар ғана тіркеле алады. Егер сіздің долларлық шотыңыз болмаса, сіз оны компанияның сайтында нақты уақыт режимінде аша аласыз.


Мен ПАММ инвестормын, инвестициялауға өтінімді мақұлдадым. Өтінімнің "синхрондауды күтуде" мәртебесі нені білдіреді?

Өтінімнің "cинхрондауды күтуде" мәртебесі cіздің инвестицияңыздың жуық арада қабылданатынын білдіреді. Инвестицияларды қабылдау уақыты белгіленген болып табылады және орташа алғанда сағатына бір рет өтеді.


Мен ПАММ трейдермін, неге менің балансым жаңа инвестицияны қабылдағаннан кейін ұлғаймады?

"Инвестицияны қабылдау" тетігін басқаннан кейін бірден инвестицияның мәртебесі "Синхрондауды күтуде" мәртебесіне өзгереді, бұл инвестиция шотқа аударылғанша біраз уақыт күту керектігін білдіреді. Синхрондауды күтетін басқа инвестициялар болған жағдайда олар шотқа бір мезетте аударылады.


ПАММ-трейдердің менің ақшамды жоғалтпайтынына қандай кепілдік бар?

ИнстаФорекс компаниясы ұсынған ПАММ-шоттар жүйесі Басқарушы трейдерлердің саудасының пайдалылығына кепілдік бермейді. Ол трейдерлер мен инвесторлардың өзара іс-әрекеттерін техникалық қамтамасыз етуге арналған, оған ПАММ-Трейдерлердің шоттарына автоматты түрде мониторинг жасау, қаражатты қабылдау мен қайтару толығымен автоматты режимде жүзеге асыруды қарастырады. Осылайша, жүйе сіздің қаражытыңыздың ПАММ-трейдердің алуынан қорғауға кепілдік береді. Сонымен қатар, жүйе сіздің өтінімді ресімдеуден кейін 30-60 минут ішінде (синхрондаудың арасындағы қай уақытта Сіз қаражатты қайтаруға өтінім беретініңізге байланысты) бірінші талап етуіңіз бойынша ПАММ-трейдердің шотынан өз қаражытыңызды алатыныңызға кепілдік береді.


ПАММ-трейдер менің инвестицияланған қаражатымды ала алама?

ИнстаФорекс компаниясы ұсынған ПАММ-шоттар жүйесі инвесторларды олардың қаражатын ПАММ-трейдердің алу тәуекелінен қорғайды. ПАММ-трейдер ПАММ-шоттағы, мәмілелерге қатыспаған өз үлесінің бір бөлігін ғана ала алады.


Инвестордың өз қаражатын қайтаруға тапсырысы ПАММ-трейдердің шотында бірден стоп-ауттың басталуына әкеп соқтыратындай жағдай болмай ма?

Егер инвесторлардың шоттағы үлесі 90% асатын болса және олардың саны аз болса немесе тіпті бірге тең болса, онда мұндай қауіп бар. Алайда, ПАММ -жүйе жүздеген ПАММ-трейдерлерден Басқаруға қаражатты қабылдауға мүмкіндік береді, бір сауда шотында жүздеген инвесторлардың үлесінің болу мүмкіндігін білдіреді, қаражатты бір мезетте алу ықтималдығы өте төмен және тартылған инвесторлар санына кері пропорционал.


ПАММ -жүйеде серіктестік шотты тіркеуге бола ма?

Серіктестік шоттар ПАММ-жүйеде ПАММ-серіктес және ПАММ-инвестор ретінде тіркеле алады. ПАММ-жүйеде басқарушы трейдер ретінде тіркелу үшін серіктеске компанияда сауда шотын ашу қажет болады.


ПАММ-трейдердің шотынан ала алатын ағымдағы пайданы мен қайдан көруімен болады?

Жеке кабинетте басты менюде "ПАММ-жүйені" таңдап, содан кейін ашылған бетте "Менің инвестицияларым" сілтемесі бойынша өту керек. Алайда инвестор үшін тек БАРЛЫҚ инвестицияларды алу мүмкін болмақ. Егер сіз ПАММ-трейдердің шотынан қаражатты түрлі бөліктермен алуды жоспарласаңыз, сізге оның шотына көлемі аз бірнеше инвестициялар жасау қажет болады. Бұл әр инвестицияны бөлек алуға мүмкіндік береді.


Жаңа инвестициялар туралы СМС арқылы ПАММ-трейдерді хабарландыру қызметі тегін бе?

Иә, бұл қызмет тегін, бірақ бір шотқа жіберілетін смс саны жиынтық түрінде тәулігіне 10-нан аспайды.


ПАММ-инвестор сондай-ақ, ПАММ-трейдердің шоты ашылған серіктестік шоттың иесі болуы мүмкін бе?

Қазіргі уақытта ПАММ-шоттардан комиссия алуға ешқандай шектеулер жоқ. Дегенмен мұндай шоттар ИнстаФорекс серіктестік бағдарламасының жалпы ережелеріне бағынады.


Мен ПАММ-Трейдермін, инвестицияланған қаражатты басқарғаны үшін пайдадан мен алатын комиссияның мөлшерін ауыстыра алам ба?

Алынатын комиссияның мөлшерін ПАММ-жүйеде шотты тіркеу кезінде сіз белгілейсіз, сондай-ақ, комиссия мөлшері ПАММ-кабинетте кез- келген уақытта өзгертілуі мүмкін, алайда, өзгерістер қолданыстағы инвестицияларға енгізілмейді және жаңа инвестициялар үшін ғана қолданылады. Бұдан басқа, сіз инвестициялаудың бір-бірінен ерекше шартын жасау опциясын және комиссия мөлшерін пайдалана аласыз, осылайша, ПАММ-инвесторға бір мезетте инвестициялаудың 5 түрлі шарттарын таңдау қолжетімді болады.


Мен ПАММ-Инвестормын, инвестициялауға өтінім жібердім. ПАММ-трейдер оны қабылдамайды, бірақ бас тартпайды да. Өтінімнің әрекет мерзімі қандай және инвестициялар сомасы менің сауда шотыма қашан оралады?

Егер ПАММ-трейдер 72 сағат бойына(3 тәулік) өтінімді қабылдау бойынша ешқандай әрекет жасамаса, ол сіздің ПАММ-инвестордың сауда шотына автоматты түрде қайтып келеді. Сондай-ақ, егер ПАММ-трейдер мақұлдамаса, сіз ПАММ-инвестор ретінде инвестицияны уақытынан бұрын қайтара аласыз.


Инвестицияның өзін кері қайтармай инвестициядан пайданы алуға бола ма?

Иә, болады. Профиттің бір бөлігін қайтару үшін "Ролловер" опциясын пайдалану керек, ол ПАММ-кабинеттің инвестициялар тарауында қолжетімді. Бұл опция инвестицияда пайда болған жағдайда ғана белсенді болады, оны ПАММ-трейдер де, сондай-ақ ПАММ-инвестор да пайдалана алады.


ИнстаФорекс ПАММ-жүйесіндегі ролловер деген не?

Ролловер деп инвестицияның өзін кері қайтармай инвестициядан пайданы алу операциясын айтады. Ролловердің аясында сондай-ақ, пайданы бөлудің белгіленген пайыздық ара-қатынасына сәйкес ПАММ-инвестор мен ПАММ-трейдер арасындағы пайданы бөлу де жүреді.


ПАММ-трейдер ПАММ қызметін (өзінің мониторингке қатысуын болдырмау) өшіре ала ма?

Жеке кабинетте Сіз "Мониторингтегі шоты жасыру" функциясын активтей аласыз, ол шотты мониторингтен жоюға мүмкіндік береді. Егер сіз ПАММ-жүйеде басқа түрде (мысалы, ПАММ-инвестор емес, ПАММ-трейдер болып немесе керісінше) тіркелгіңіз келсе, онда сіз жаңа сауда шотын ашсаңыз жеткілікті. ИнстаФорекс компаниясында ашылатын сауда шоттарының санына шектеулер қойылмаған.


Мен ПАММ-трейдердің шотына бонус қаражаттарын инвестициялай алам ба?

Иә, толықтай немесе ішінара. Қазіргі уақытта тек бір ғана шектеу бар – егер депозиттің бәрі ПАММ-трейдердің шотына инвестицияланса, онда бонусты сауда шотында қалдыруға болмайды. Бұл жағдайда бонустың күші жойылды.


ПАММ-трейдер инвестордың қандай жеке мәліметтерін көреді?

ПАММ-трейдер инвестордың шот нөмірін, сондай-ақ, ПАММ-жүйесінде тіркелген кезде инвестор көрсеткен телефоны мен e-mail көреді.


Трейдердің қандай жеке мәліметтерін ПАММ-инвестор көреді?

Инвестициялағанға дейін ПАММ-инвестор мониторингте ПАММ-трейдердің шот нөмірін, оның жобасының атауын, ICQ және Yahoo адрестерді (әрдайым), сондай-ақ трейдердің аты-жөні мен e-mail, егер ол соларды көрсетуге рұқсат етсе. Инвестициялаудан кейін қосымша ақпарат та көрінуі мүмкін.


Бонус ПАММ-трейдердің шотына алынуы мүмкін бе?

Иә, ПАММ-трейдердің шотына бонус алынуы мүмкін.


Бонус алынған шот ПАММ-трейдердің шоты ретінде тіркелуі мүмкін бе? Сонда бонуспен не болады?

Бонусы бар шот ПАММ-трейдердің шоты ретінде тіркелуі мүмкін. Бонус жойылмайды, ПАММ-трейдердің қаражаты ретінде ескерілетін болады.


Егер инвестор өзінің шотын толтырып, бонус алса, содан кейін қаражатты трейдерлік шоттарға инвестицияласа, бонустың күші жойыла ма?

Құттықтау бонусының күші жойылмайды.


Трейдер белгілеген, пайдадан алынатын комиссияның мөлшерін инвестор қайдан көре алады?

Мониторинг кестесінде. Егер инвестиция жүргізілген болса, онда "Менің инвестицияларым" тарауынан да көруге болады.


Шоттың иесі салған қаражат қанша уақыттан кейін ПАММ-шоттар мониторингінде көрінеді?

Орташа алғанда, график үшін 1 сағаттың ішінде, мониторинг үшін 5-10 минутта.


Серіктес ПАММ-трейдер болған, тартылған клиенттің саудасы үшін сыйақы ала ма?

Иә, әдеттегі тәртіппен алады.


Трейдер мен инвестор арасындағы шығын қалай бөлінеді? Саудаға қатысатын олардың үлестерінің көлеміне қарай немесе пайданы бөлуге сәйкес пе?

Шығын инвесторлар мен трейдерлердің шоттағы үлесіне теңбе-тең бөлінеді. Қаражатты басқарғаны үшін трейдер алатын пайдадан пайыз, мұнда есепке алынбайды.


Виджетте көрсетілген ПАММ-жобаның пайдалылық статистикасы мониторингтегі деректермен сәйкес келмеуі мүмкін бе?

ИнстаФорекс компаниясының клиенттеріне виджеттердің бірнеше түрі қолжетімді, оның ішінде баланс пен қаражаттар бойынша ПАММ-жобалардың пайдалылық статистикасын көрсететін виджеттер, ал мониторингте деректерді стандарттау үшін тек қана қаражаттар бойынша статистиканы пайдаланады.


ПАММ-жобалардың виджеттеріндегі деректер қаншалықты жиі жаңартылады?

ПАММ-жобалардың виджеттеріндегі статистикалық деректер сағатына бір рет кэштеледі, соған байланысты мониторингте берілген деректерден аздап кешігуі мүмкін.


Памм-жобадан шығарылған қаражат InstaWallet жүйесінде аудару үшін қашан қолжетімді болады?

Памм-жобадан шығарылған қаражат шотқа түскеннен кейін аудару үшін 12 сағаттан кейін қолжетімді болады.


Тақырыптар тізіміне
info icon ForexCopy жүйе бойынша сұрақтар

ForexCopy-жүйе деген не?

Бұл жүйе, ForexCopy Трейдердің мәмілелерін нақты уақыт режимінде көшіруге және оларды ForexCopy Жазылушылардың шоттарында автоматты түрде ашуға мүмкіндік береді. Бұл ретте ForexCopy Жазылушылар әрбір ForexCopy Трейдердің бір тәулікте көшірілген мәмілелер санын реттей алады, көшірілетін лоттардың ара-қатынасын және өз шотына көшіру үшін белгілі бір аспаптарды таңдай алады.


Мен ForexCopy Жазылушы ретінде мәмілелердің менің шотыма қандай аспаптар бойынша және ашылатын лоттардың қандай ара-қатынаста көшірілетінін таңдай алам ба?

Иә, сіз мәмілелердің бәрін, сондай-ақ көшірілетін лоттардың алдын-ала қойылған ара-қатынасы бар белгілі бір аспаптар бойынша мәмілелерді де көшіре аласыз.


ForexCopy Трейдер көшіргені үшін комиссиясын қашан алады?

Комиссия ForexCopy Трейдерге мынадай жағдайларда есептеледі:
– ForexCopy Трейдердің немесе ForexCopy Жазылушының бастамасы бойынша жазылуды тоқтатқан кезде;
– ролловер функциясын активтегенде, бұл ретте ForexCopy Жазылушының шотында мәмілелерді көшіру жазылуды тоқтатпай жалғаса береді;
– егер ForexCopy Трейдер күнделікті "Жазылу күнгі баға" төлем әдісін таңдаса, онда ол комиссияны күн сайын сағат 23:30 GMT+2 алады.


Мен ForexCopy Жазылушы бола тұрып, ForexCopy Трейдердің көшірілген мәмілесінің күшін жоя алам ба, егер бұл мәміленің шығынды болуы ықтималды деп санасам?

Сіз оны MetaTrader сауда терминалында жаба аласыз, бірақ сіз оның күшін жоя алмайсыз.


Жазылымға өтінім автоматты түрде қабылдана ма немесе ForexCopy Трейдер жазылымды растауы керек пе?

Мәмілелерді көшіруге өтінімдердің бәрі автоматты түрде де, сондай-ақ ForexCopy Трейдердің қалауы бойынша және қолмен жұмыс істеу режимінде де қабылдануы мүмкін. Егер 72 сағат бойына(3 тәулік) өтінім мақұлданбаса, онда ол автоматты түрде күшін жояды.


ForexCopy жүйесінде мәмілелерді көшірудің жылдамдығы қандай?

MetaTrader терминалында ордерлердің пайда болуының кідірісі 15 секундтай уақытты алады, бірақ ордерлер ForexCopy Трейдердің шотында ашылған ордерлерге ұқсас болады.


Неге көшіру үшін валюта жұптарын қолмен таңдау кезінде шағын тізім ғана қолжетімді?

Осы тізімде ең жиі қолданылатын аспаптар берілген. Егер сіз "ИнстаФорекстің барлық сауда аспаптарын" көшіру баптауын таңдасаңыз, онда трейдер саудалайтын барлық аспаптар көшіріледі, соның ішінде фьючерстер, акциялар және т.б.


ForexCopy Трейдер мен оның мәмілелерін көшіруге жазылған кезде, комиссияны өзгертті. Мен комиссияны бұрынғы шарттар бойынша төлеймін бе әлде жаңа шарттармен бе?

Жазылым аяқталғанға дейін сіз комиссияны сол ForexCopy Трейдерге жазылған кезде өзіңіз келіскен бұрынғы шарттар бойынша төлейсіз, ал жаңа ForexCopy Жазылушылар мәмілелерді жаңа шарттармен көшіреді.


Егер ForexCopy Трейдер көшірілген ордерді түрлендірсе, ForexCopy Жазылушының ордерді баптауы өзгере ме?

Иә, ForexCopy Жазылушының да ордерді баптауы өзгереді.


Егер ForexCopy Жазылушының ForexCopy Трейдерге комиссия төлеу үшін қаражаты жеткіліксіз болса, онда трейдер оны алмай ма?

Егер ForexCopy Жазылушының ForexCopy Трейдерге комиссия төлеу үшін қаражаты жеткіліксіз болса, онда бұл жағдайда барлық қолжетімді қаражат комиссия бойынша берешекті өтеу үшін шегеріледі, ал қалдығы жүйеде тіркеліп, ForexCopy Жазылушы шотын толтыру кезінде, бірақ жазылу аяқталғаннан кейін 72 сағаттан (3 тәулік) кешіктірмей, шегеріледі.


Мен ForexCopy Трейдерден бас тарта алам ба?

Иә, сіз белгілі бір ForexCopy Трейдерден бас тарта аласыз, бірақ бұл үшін сол трейдердің барлық көшірілген және қазіргі уақытта ашық мәмілелерін жабу керек.


ForexCopy Трейдер өз шотынан мәмілелерді көшіруінен ForexCopy Жазылушыдан бас тарта ала ма?

Иә, ForexCopy Трейдер өз шотынан мәмілелерді көшіруінен ForexCopy Жазылушыдан бас тарта алады, бірақ бұл үшін трейдердің шотынан көшірілген барлық мәмілелер жазылушының шотында жабық болуы тиіс, сондай-ақ жазылушыдан алынатын комиссия 0 көп болуы тиіс.


Кейінге қалдырылған ордерлерді ForexCopy Жазылушылардың шоттарына көшіру қалай жүзеге асырылады?

Кейінге қалдырылған ордерлер ForexCopy Жазылушылардың шоттарына ForexCopy Трейдердің шотында активтеу кезінде көшіріледі.


Мәмілелерді көшіруді бастау үшін ForexCopy Жазылушының шотындағы минималды балансқа қойылатын талаптар бар ма?

Иә, ForexCopy Жазылушының шотында мәмілелерді көшіруді бастау үшін кемінде 10 USD болуы тиіс(бонус қаражаттарын ескерусіз).


Тақырыптар тізіміне
info icon Форекс Опциондар бойынша сұрақтар

Опциондарды қашан сатып алуға болады?

Опциондық сауда дүйсенбі күні 00:01 GMT+2 бастап жұманың 23:50 GMT+2 дейін қолжетімді болады, Forex нарығында сауда жүрізілмеген күндерді есепке алмағанда.


Бір тәулікте опциондарды сатып алудың шегі қандай?

Бір тәулікте сатып алған опциондардың саны және жинақтық құны бойынша шегі жоқ.


Опциондарды шоттардың қандай валютасында сатып алуға болады?

Опциондық сауда USD, EUR, RUR, US Cent және EUR Cent валюталарында ашылған шоттар үшін қолжетімді.


Опциондардың минималды және максималды номиналы қандай?

USD валютасында ашылған шоттар үшін опциондарды сатып алудың минималды және максималды номиналы, сәйкесінше 1 USD және 1000 USD. EUR үшін – бұл 1-1000 EUR. Рубльдік шоттар үшін (RUB) минималды номинал 30 RUB және максималды – 30000 RUB. Центтік шоттар үшін номиналдар диапазоны 100-ден 50000 центке дейін.


Опциондарды сатып алу және сату бағасы қалай анықталады ?

Опциондарды сатып алу және сату кезіндегі бағаны белгілеу үшін ИнстаФорекс- USA нақты серверінің котировкалары шырақты ашу бағасы бойынша пайдаланылады.


Сатып алған опциондардың күшін жоя алам ба?

Сіз сол опционның номиналынан 10% ұстай отырып, сатып алу уақытына дейін 3 минуттың ішінде опционның күшін жоя аласыз. Опционың күшін жоюға болмайды, егер ол сатып алынған болса.


Егер опциондарды сатып алу және сату бағасы өзгермесе, не болады?

Егер таңдап алған аспаптың бағасы опционның басталған уақытынан аяқталуына дейін өзгермесе, бұл опцион, құнының көтерілуіне және төмендеуіне таңдап алған шарттың орындалмауы себепті, ұтылысты деп саналады.


Тақырыптар тізіміне
info icon Шоттың верификациясы бойынша сұрақтар

Шоттың верификациясы деген не және мен верификацияланбаған шоттан саудалай алам ба?

Верификация – Клиенттің жеке басын растау. Верификация, ең алдымен, құпиясөзді немесе басқа да бір құпия ақпаратты қалпына келтіру кезінде сіздің шотыңыздың қауіпсіздігі үшін құрылған. ИнстаФорекс қызметтерін көрсету офертасына сәйкес сауда шотын верификациялау ерікті процедура болып табылады, ол шотты ашқан әр клиенттен сұратыла бермейді. Алайда, ИнстаФорекс компаниясы ұсынған кейбір арнайы ұсыныстарды пайдалану үшін Сізге өзіңіздің сауда шотыңызды верификациялау қажет болады. Верификация ақша қаражатымен байланысты жүргізілетін операцияларға әсер етпейді. Сіз тұлғаңызды куаландыратын кез-келген құжаттың сканерленген көшірмесін жіберу арқылы сауда шотын верификациялау бетінде кез- келген уақытта верификациялау процедурасын өте аласыз.


Мен өз шотымды қай жерде верификациялай алам?

Шотты Сіз клиенттік кабинетте, "Шотты баптау" -> "Шотты верификациялау" тарауында Верификациялай аласыз.


Шотты верификациялау қанша уақытқа созылады?

Шотты верификациялау 72 жұмыс сағатына дейін созылуы мүмкін.


Шотты верификациялау міндетті ме?

ИнстаФорекс қызметтерін ұсыну офертасына сәйкес, сауда шотын верификациялау ерікті процедура болып табылады, ол шотты ашқан әр клиенттен сұратыла бермейді, бірақ компанияның кейбір сервистерін қосу үшін сауда шотын верификациялау қажет болады.


Верификацияланбаған шоттар үшін толтыру/алу процедураларын жасау мүмкін бе?

Иә, банк картасының көмегімен тікелей толтыру/алудан басқа. Банк картасының көмегімен тікелей толтыру/алу үшін жоғары деңгейлі верификация қажет.


Верификациялау үшін қандай құжаттар қажет?

Шотты верификациялау үшін жеке басын куәландыратын кез -келген құжат жарайды. Кеңес етілетін құжаттар - төлқұжат немесе жүргізуші куәлігі.


Шотты верификациялау үшін құжаттың скан-көшірмелерінің қандай минималды/максималды көлемін пайдалануға болады?

Құжаттың скан-көшірмелерінің ешқандай минималды көлемі жоқ, бірақ ондағы ақпаратты оқуға болатындай сапасы жақсы болуы керек. Құжаттың максималды көлемі 2 Мб құрайды.


Менің құжатым верификациялауға қабылданбағаны туралы ақпараты бар хат алдым, не істеуім керек?

Құжат верификациялауға келесі жағдайларда қабылданбауы мүмкін: құжаттың скан-көшірмесінің сапасы өте төмен; сіз шотты верификациялауға жарамайтын құжатты жібердіңіз (фотосуретсіз немесе аты-жөні көрсетілмеген); сіз жіберген құжат верификациялаудың басқа деңгейі үшін жіберілген.


Құжатты жүктеу кезінде қателік орын алды/ештеңе болмай жатыр, не істеуім керек?

Егер құжатты жүктеу кезінде қателік орын алды/ештеңе болмасы, өтінеміз, қате туралы толық ақпаратты e-mail-ге жіберіңіз: support@instaforex.com, шот нөмірін хабарлап, мәселенің скриншотын қосыңыз. Сіз басқа браузерді пайдалана отырып, верификациялаудан өтіп көруіңізге болады.


Шотты верификациялау маған қандай артықшылықтар береді?

Егер шотты верификациялаудың барлық кезеңінен өтсеңіз, верификацияланбаған шоттар үшін қолжетімді болмайтын, компанияның қосымша сервистерін пайдалана аласыз.


Мен шотты верификациялаудан өттім. Егер мен жаңа сауда шотын ашсам, верификация автоматты түрде жүзеге аса ма?

Егер жаңа сауда шоты басты сайт арқылы, тіркеудің стандартты процедурасы бойынша ашылса, верификациялау үшін құжаттарды қайтадан жүктеу керек.

Егер жаңа шотты верификацияланған шот кабинеті арқылы "шоттарды басқару" тарауында ашқан жағдайда, верификация автоматты түрде беріледі.


Тақырыптар тізіміне
info icon Жалпы сұрақтар

Егер мен FOREX-те минималды депозитпен жұмыс істеуді бастасам, қаншалықты көп табыс таба аламын?

Бұл сіздің тәжірибеңізге байланысты. Валюта нарығындағы сауда, ықтималды пайдасымен қатар, депозитті жоғалту тәуекелдерімен де байланысты, трейдер шешім қабылдаған кезде оның ескерілмеуі мүмкін емес. Сіздің тәуекелдеріңіз бен кәсібилігіңізді тек өзіңіз ғана бағалай аласыз. ИнстаФорекс сауда шарттары жаңа бастаушыдан тәжірибелі трейдерге дейінгі жолды барынша оңай өту үшін жасалған.


Қолдау және кедергі деңгейлері деген не?

Қолдау деңгейі - ағымдағы бағамнан төменгі деңгей, сол жерден бағам жоғары бұрылуы мүмкін. Кедергі деңгейі- ағымдағы бағамнан жоғарғы деңгей, сол жерден бағам төмен бұрылуы мүмкін.


Трейлинг-стоп деген не?

Сіз трейлинг-стопты (мысалы, Х пунктке) қойған кезде, онда мынадай жағдай орын алады: терминал Х пунктке пайдаға шыққан кезге дейін (трейлинг-стоптың көрсетілген шамасына) ешқандай әрекет жасамайды. Осыдан кейін терминал stop-loss ағымдағы бағадан Х пункт (бұл жағдайда - шығынсыздық деңгейінде) қашықтыққа қояды. Ағымдағы баға мен қойылған stop-loss арасындағы қашықтық Х пункттен асатындай, котировкаларды алған кезде терминал стоп-ордерді ағымдағы бағадан Х пункт қашықтыққа өзгерту туралы команданы жібереді. Яғни ағымдағы бағаға Х пункт қашықтыққа stop-loss "керек". Осылайша, трейлинг-стоп - бұл басқарудың белгілі бір алгоритмі stop-loss – «бағадан кейін профитке қозғалыс». Назар аударыңыз! Трейлинг-стоп сіздің сауда терминалыңыз іске қосылып, біздің серверге интернет арқылы қосылған кезде ғана жұмыс істейді


Профиттің немесе баға қозғалысының "фигурасы" деген не?

Профиттің фигурасы деп көбінесе пайданың 100 пунктын айтады. Баға қозғалысының фигурасы деп 100пп қозғалысты айтады. Сонымен қатар фигуралар деп дөңгелетілген бағаны айтады. Мысалы, "EURUSD - " 17-ші фигурадан өтеді; өрнегі дегенді бағамның 1.1700 белгісінен жоғары көтерілгенін білдіреді.


Сауда қай уақытта жүреді?

Сауда жексенбі күні Гринвич бойынша сағат 22:00 ашылады (GMT +00) және жұма күні 22:00 (GMT +00) жабылады.


ИнстаФорекс компаниясы қанша сауда серверлерін пайдаланады және олар қай аймақтарда орналасқан?

Қазіргі уақытта ИнстаФорекс сауда жүйесіне нақты шоттар үшін 2 сауда сервері және DEMO-шоттар үшін бір сауда серверін қамтиды. Екі сауда сервері жүктемені бүкіл әлем бойынша орналасқан 7 серверді қамтитын аралық дата-орталықтарының жүйесі арқылы бөледі. Осылайша, 10 серверден тұратын жүйе әрбір клиентке сауда орталығымен сенімді және тез байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Аралық дата-орталықтарының бірінің жүктелімі жоғары болған жағдайда, клиенттік терминал жүктелімі аз дата-орталыққа автоматты түрде ауысады.

InstaForex сауда серверінің АҚШ-та 5 дата-орталығы бар және бүкіл әлем бойынша, атап айтқанда, Еуропа, Ресейдегі клиенттерге арналған. Қуатты техникалық шешімдер және американың ең үздік провайдерлерінің бірі қамтамасыз ететін байланыстың сенімді арналары, InstaForex-тің АҚШ сауда серверін Еуропа елдерінің клиенттері арасында танымал етеді.

InstaForex сауда серверінің Сингапурде (111.235.136.17:443) 2 дата-орталығы бар және компанияның Таяу шығыс және Оңтүстік Азия елдеріндегі клиенттері пайдаланады. Сервердің түпкі клиенттерінің қысқа уақытта қол жеткізуі Азияның сауданың жылдамдығын бағалайтын клиенттері үшін тартымды етеді. Ірі азиялық қаржы орталығының - Сингапурдың жетекші провайдерлерінде орналасқан - 2 дата-орталық сауда серверінің жүктемесін InstaForex клиенттері үшін сауданың барынша үздіксіз уақытын қамтамасыз ететіндей етіп бөледі.

ИнстаФорекстің әрбір жаңа клиенті әлемнің қандай бөлігінде орналасқанына қарамастан, өз қалауына қарай компанияның екі сауда серверінің бірін таңдай алады. ИнстаФорекс сауда серверлерінің әрбіреуі Интернет арқылы өз инвестицияларын басқарудың сенімді құралы болып табылады, ал әлемнің әр түкпірінен серверлерге жеткенге дейінгі уақыт айырмасы 0.2 секундтан аспайды. Компанияның көптеген клиенттері екі серверде де бірден бірнеше шоттар ашады, сөйтіп, іс жүзінде олардың әрқайсысының жұмыс сапасын бағалау мүмкіндігін алады.


InstaForex компаниясы ECN-брокер қызметін ұсына ма?

InstaForex компаниясы әмбебап брокер болып табылады және өз клиенттеріне Форекс нарығында саудалау үшін аспаптардың толық жиынтығы мен мүмкіндіктерін береді, соның ішінде ECN-брокер қызметін көрсетеді. ECN-брокерлердің шын мәніндегі жұмысы туралы толық ақпаратты сіз компания сайтының сәйкес бетінен біле аласыз.


Тақырыптар тізіміне